Свои истории с фото присылайте на E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Менің «Стимул+» клубындағы жетістіктерім
Мен, Рамазанова Гүлфайра жасым 25-те. 1 топ мүгедегімін. Хобда ауданы, Жарық ауылында туып өстім. Сол жақта алғаш мектепке барып, 11 сыныпты аяқтадым.
Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорына 2009 жылы тіркеліп, 2010 жылдан бастап қоғам өміріне белсенді араласа бастадым.Сол кезде менің өмірімде көптеген мүмкіндіктер ашылды.
Мектеп аяқтағаннан кейін мен орта арнаулы немесе жоғары оқу орнына түсіп мамандық игеруді армандадым. Алайда, оқуға түсіп өз бетімше оқу маған ауыр болатынын мен түсіндім. Өйткені, мүгедектік арбадағы адамға өз бетінше жүру оңай емес, сондай-ақ қоршаған ортаның қолжетімсіз болуы да бар. Мен көпбалалы отбасынанмын. Ата-анам зейнеткер адамдар. Олардың мені оқытып, үнемі қасымда жүруге мүмкіндіктері болмай қалған жағдайлар болды. Сондықтан мен ата-анама ауыртпалық салғым келген жок. Бірақ мамандық иесін алу талабым қатты болды.
2014 жылы мен Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының қолдауымен өзімдей тағдырлас жандармен Мұғалжар-техникалық колледжіне түстім. Менің арманым орындалды, 2016 жылы «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығын игеріп, диплом алдым.
2016 жылдың қазан айынан бастап «Стимул+» тобының белсенді мүшесімін. Бұл клуб жөнінде көп нәрсе айтуға болады. Клубта менің тағдырлас достарым көп. Олардың барлығы өмірге құштар, өнерлі жандар. Ән айтады, би билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды. Біз көп уақытымызды бірге өткіземіз. Демалыста бірге серуендеу, қала сыртына демалысқа шығу, концерттер мен түрлі мәдени шараларға бірігіп барамыз. Семинарларға қатысып, білім алып, шет тілінен сабақ алып жатырмыз.
Клуб өмірінде еріктілер ерекше орын алады. Олардың ұйымдастыруымен көптеген қызықты да мазмұнды шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Соның ішінде «Ақтөбе қайырымды жандары», «Д.А.Р.» клубы, «Жүректен жүрекке» еріктілер топтарын айтып кетуге болады.
Біз барлығымыз ортақ жұмыстанып, көптеген нәтижерлерге қол жеткіздік деп айта аламын. Біз өзара достықты орнатып, бір үйдің баласындай болдық. Бүгін мен еріктілерге үлкен алғысымды бірдіргім келеді.
Болашақта мен әрі қарай өз-өзімді дамыту жағынан жұмыстанып, мамандық иесі болып, жұмысқа орналасқым келеді. Мен бұл арманымның да орындалатындығына сенемін.
Барлық достарыма табыстар, жетістіктер тілей тұра, биіктерден көріне берсін дегім келеді.
Отбасы – шағын мемлекет
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция: 23-бап. Үй мен отбасын құрметтеу.
1. Қатысушы мемлекеттер некеге, отбасына, әке болуға, ана болуға және басқалармен тең дәрежедегі жеке қатынастарға қатысты барлық мәселелер бойынша мүгедектерге қатысты кемсітуді жою үшін тиімді және тиісті шараларды қабылдайды, бұл ретте:
a) неке жасына жеткен барлық мүгедектердің некеге тұру және некелесетіндердің еркін және толық келісімі негізінде отбасын құру құқықтарының мойындалуын міндеттейді.
2012 жылы 15-мамырда Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының бастамасымен Халықаралық Отбасы Күні атап өтілген олатын. Ақтөбе қаласы мен облысы әкімдігінің қолдауымен, қоғамның белсенді мүшелерінің ынтасымен Нагметова Сымбат пен Муканов Қанаттың салтанатты түрде заңды некеге отыру рәсімі өткізілді. Ерекше жұптың отбасын құрып, жаңа өмірге аяқ басуына ақтөбелік тағдырлас замандастары куәгер болды.
Арада уақыт өтіп, 2017 жылдың 15-мамыр күні отбасы 5 жылдық мерей тойын атап өтті.
Қазіргі күні Сымбат «Шебер қол» жеке шаруашылық серіктестігінде жұмыс жасайды. Қолөнермен айналысады. Қоғамдық өмірге белсене араласады. Спортпен шұғылданады. Сымбаттың өмірлік жолы, оның қиындықтар мен кедергілерді жою туралы үлгісі туралы көптеген ақпараттық газет-журналдарда мақалалар жарық көрді. Республикалық «Қазақстан» телеканалында «Айтуға оңай» бағдарламасында арнайы шақыртумен қатысып, мүгедек адамдардың да отбасы құруға, бақытты болуға толық құқығы бар екенін дәлелдеп келді.
Сымбат ерік-жігері мұқалмаған ер жүректі, нәзік жанды адам. Кішкене қызы Жасминнің, сүйікті жары Қанаттың жанында болып алдағы өмірге зор үмітпен қарайды.