Сегодня Центр поддержки парализованных граждан Актобе это:
2 специализированных дома для инвалидов-колясочников |
|
Служба "ИНВА-ТАКСИ" для инвалидов с поражением опорно-двигательного аппарата |
|
Волонтерский клуб "Д.А.Р.", девиз которого "Доброта. Альтруизм. Радость" |
|
Учебно-производственное предприятие "Шебер кол" |
|
Общественная приёмная для людей с ограниченными возможностями и оказавшихся в трудной ситуации |
|
Полустационар для детей с поражением опорно-двигательного аппарата |
|
Спортивно-массовый отдел |
|
Специальные социальные услуги |
|
Кабинет активной реабилитации инвалидов - КАРИ |
ОО «Центр поддержки парализованных граждан г. Актобе» основан в 1999 году. Имеет социальную направленность, по итогам конкурса среди НПО Актюбинской области награжден Кубком «Лучшее НПО». Ведет свою деятельность в интересах людей, прикованных к постели и передвигающихся в инвалидных колясках.
В Центре постоянно работают 5 сотрудников, 30 привлеченных специалистов.
Миссия организации:
Соблюдение прав и свобод граждан, имеющих инвалидность. Представление и защита их интересов в административно-хозяйственных, судебных, исполнительных и других ведомствах. Содействие в улучшении качества жизни, трудоустройстве, получении всех государственных социальных услуг инвалидами-колясочниками, проживающими в Актобе и области. Оказание консультативной и информационной помощи инвалидам и членам их семей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, вовлечение в общественно-полезную деятельность молодых людей из социально-уязвимых групп населения.
«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысының ішкі саясат Басқармасының әлеуметтік тапсырысы
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ақпараттық-консультативтік қызмет көрсету» жобасы бойынша аналитикалық талдау сараптамасы
«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі 1999 жылы бір топ ынталы мүгедек азаматтардың бірлесуімен құрылған болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету негізінде, мүгедек азаматтардың арыз-шағымдарын, өтініш пен нақты ұсыныстарын қабылдау үшін, өз мүмкіндігіміз аясында және жанашыр қауымдастық, демеушілер, жергілікті басқару органдарының септік көмегін ұйымдастыру жұмыстары аясында, көп жылдан бері «Қоғамдық қабылдау» жұмысының қызметі жасақталды.
Бұл жерде өте күрделі жұмыс атқарылады. Әр мүгедек адамның өзіндік ерекше тағдыры бар, ерекше сұранысы мен қажеттілігі бар. «Қоғамдық қабылдау» кезеңінде басты нысан– жеке адамның өзі екендігін ұмытпай, барынша көмек беруге ұмтылу. «Қоғамдық қабылдау» жүргізудің командасының үлкен тәжірибесі бар. Командаға қажеті - өте білікті модератор, заңгер-консультант, психолог, тағдырында жетістікті оңалу тәжірибесі бар адам (өмірлік қиын жағдайды жеңген, жарақаттан оңалған, сырқаттан жазылған, жұмысынан айырылған соң, жағдайының оң шешімін тапқан т.б.) – бұл тиімді құрама болып табылады. Көптеген мүгедек жандардың мәселесін шешуде соңғы инстанция, маңдай тіреп келетін босаға осы - «Қоғамдық қабылдау» болып табылатын.
2015 жылы мүгедекдердің сұранысы бойынша, «Қоғамдық қабылдау» жұмысын жолға қою үшін «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ақпараттық-консультативтік қызмет көрсету» жобасын жүзеге асыруда «Қоғамдық қабылдау» жұмысын мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізу мүмкіндігі туындады.
Бұл жоба «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ-гі 2015 жылдың 1-сәуірі мен 1-қараша аралығында жүзеге асырылды.
Жоба аясында «Қоғамдық қабылдауға» 247 мүгедек азамат әртүрлі проблемалары бойынша қабылдауда болды.
Бұл жалаң сандар емес, оның артында мүгедек азаматтардың сұранысы, өмірлік қажеттіліктері, жауабын таппай жүрген сұрақтары, ұсыныстары бар.
Өтінішпен келген адамдардың 30 % өз проблемалық сұрақтарын шешуге мүмкіндік алды, 65 % қажетті кеңес пен моральды-психологиялық, және материалдық көмек алды. 5% азаматтың ұсыныстары мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемалық сұрақтарын шешу барысында негізге алынды.
Келіп түскен сұрақтар мен мәселелер әртүрлі тақырыпта. Жай ғана консультация берумен ғана шектелмей нақты көмек те ұсынылды. Мысалға, жалғызбасты анаға баласын бала-бақшаға орналастыруға септік ету, «Инватакси» қызметін ұсыну, мүгедек балаларға күндізгі жартылай стационарға немесе жазғы демалыс базасына жолдама беру, ересек мүгедектерге спортпен шұғылдану, жұмысқа тұру, отбасылық және психологиялық проблемаларын шешуге ықпал ету.
«Қоғамдық қабылдау» жетекшілігімен Мұғалжар ауданынның ынталы тобымен «Мұғалжар жастары» мүгедектерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестік заңды тіркеуден өтті.
«Қоғамдық қабылдау» - бұл нақты адамның осынау үлкен әлемдегі қалпы және әлеуметтік көңіл-күйінің индикаторы деп танимыз.
Жоба барысында барлық БАҚ құралдарында ақпарат беріліп келді. «Қоғамдық қабылдау» жобасын жүзеге асыруда есте сақтар бір жайт – ол жалпы қоғамда беделді, белгілі бір имиджі не ықпалы күшті командасы бар қоғамдық ұйымның ғана қолынан келетіндігі. Біздің тәжірибемізден ұққанымыз, әлеуметтік саясат мемлекетттің негізгі құрылымдарының бірі. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы әрбір аймақтың даму жоспарына кірген белгілі бір стратегиясыз, ҮЕҰ-ның жергілікті атқарушы органмен өзара келіспеушілік туындауы мүмкін. «Қоғамдық қабылдау» қызметін ұйымдастыру үшін ұйымда жоғары білімді қызметкерлер, халықпен жұмыс жасауға рұқсат беретін сертификаттары, жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Тұжырым:
Берілген «Қоғамдық қабылдау» тәжірибесі мерзімсіз, кез-келген уақытта кез-келген бағытта қалыптасқан жағдайдың мониторингін жүргізу үшін пайдалануға болады. Белгілі біл мақсатты топтың мүдделерін қорғаушы қоғамдық ұйымдар ең алдымен, өмірлік қиын жағдайға душар болған, өз денсаулығына немесе отбасы мүшесінің денсаулығына зақым келген немесе мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар аясында шешілмеген проблемалары бар кез-келген адам өз мұқтажымен баратын орын болуы тиіс.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ақпараттық-консультативтік қызмет көрсету» жобасы бойынша барлық межеленген іс-шаралар уақтылы өтіп, жоба өз мақсатына жетті. Бұл бағыттағы жұмыс, мүгедек азаматтардың сұрауы бойынша, өз жалғасын табуы қажет.
«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Байменова