«Отан. Борыш. Міндет»» атты жігер сағаты
2017 жылдың 4- мамыр күні сағ.11.00 - де «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ-гінің ұйымдастыруымен «Отан. Борыш. Міндет»» тақырыптық кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты:
-
Мүмкіндіктері шектеулі жастардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерді дарытып, патриоттық тәрбие беру;
-
Мүмкіндігі шектеулі жастардың денсаулығына байланысты әскери дайындықтан өту мүмкіндігі жоқ, дегенмен жалпы өз азаматтық борышы туралы пікір мен ұғым қалыптасуына жол ашу.
«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ақпараттық-кеңестік қызметтерді көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Ақпараттық кеңес» - жобасы аясында ай сайын «Тақырыптық кездесулер» өткізуді жоспарлаған болатын.
Кезекті «Отан. Борыш. Міндет» тақырыбындағы ауған соғысы ардагерлерімен және әскери-патриоттық клубтар жетекшілерімен кездесуге 25 мүмкіндігі шектеулі жастар және ерікті азаматтар қатысты.
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған іс-шара басында мүмкіндігі шектеулі жастар назарына «Отан.Борыш.Міндет» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмирам Аманжолқызы Сражова мүгедек жандардың өмір сүруге ұмтылыстары туралы айтып, жүргізіп жатқан жұмыстары туралы және алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
Арнайы шақырылған қонақ, ауған соғысының ардагері, «Ербақыт » спорттық-париотттық клуб жетекшісі Қойлыбаев Марат және Еренов Бекболат отансүйгіштік қасиет туралы, парыз және борыш туралы ұғымды түсіндіріп, сөз қозғады. Өз өмір жолындағы міндеті өтеу туралы қызықты әңгімелер баяндады.
Жастарға әскери жарыстардан үзінді эпизод көрсетіліп, автоматты жинау-құрау тәсілдерімен таныстырылды.
Ер азаматтарға бағыштап ерекше жас Балсерікова Айнұр әсем ән жолдады.
Шара соңында жастарға шағын сияпат кофе-брейк жайылды.