«Инватакси» тасымалдау қызметі
«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған «Social services» ЖШС-гі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тірек мүшелері зақымдалған мүгедек азаматтар мен мүгедек-балалар үшін Ақтөбе қаласы бойынша арнайы автокөліктермен тасымалдау қызметін ұсынады.
«Инватакси» тасымалдау қызметін алу үшін мүгедек азамат келесі құжаттар тізімін тапсыру қажет:
1)«Инватакси» тасымалдау қызметін пайдалану үшін өтініш жазу;
2) Жеке құжаттарының көшірмесі: ересектер үшін жеке куәлік, балалар үшін туу туралы куәлік көшірмелері;
3) Тұрғын мекен-жайы бойынша бекітілген поликлиникадан 035-1/у формасындағы анықтама (жүріп-тұруы қиындық әкелетіндіктен, инватакси қызметіне мұқтаж» деген анықтама жазуы бар);
4) Мүгедектік туралы анықтама көшірмесі;
5) Халыққа қызмет көрсету орталығынан мекен-жай анықтамасы.
Тапсырыстар 24 сағат бұрын 9.00 және 18.00 аралығында қабылданады.
Телефондары 8 7132 24 36 39, 77-65-65, 8 705 288 36 57
«Инватакси» қызметі бойынша мүгедектерді тасымалдау нысандары тізбегі
-
Мүгедектің жұмыс орнына апару;
-
Мүгедекті оқу орнына апару;
-
Жергілікті атқару органдарына апару;
-
Сот, прокуратура мекемелеріне;
-
Әлеуметтік қызмет көрсету нысандарына;
-
Заңгерлік кеңес алу орталықтарына;
-
Нотариуске;
-
Медициналық мекемелерге (жедел жәрдем қызметінен басқа);
9) Аэропортқа, теміржол вокзалына, автовокзалға;
10) Әлеуметтік арнайы қызмет көрсету ұйымдарына апару