25-мамыр күні біздің қоғамның мүшелері үшін ерекше кездесу өтті. Жалпы қалыптасқан дәстүр бойынша, ай сайын, "Тақырыптық кездесулер" өтеді. Жиналған кездесу қатысушылары күннің өзекті тақырыбын талқылайды. Осы тақырыпта білікті маманның пікірін тыңдайды.
Бүгінгі кездесу on-line түрде, zoom платформасында ұйымдастырылды. Әрине, өзекті тақырып 2019-nCoV жұқпалы ауруының таралуына байланысты күн тәртібіне қойылды. Себебі, мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы біздің қоғамдық бірлестік үшін ең маңызды тақырып.
Скиперіміз - дәрігер, PhD докторы, Назарбаев Университетінің School of Medicine - Медицина мектебінің инструкторы Рахманов Елтай Өтемұратұлы.
Кездесуге Ақтөбе қаласынан және Шалқар ауданынан барлығы 17 адам қатысып, қауіпті пандемия кезінде мүгедек адамдардың өзіндік реабилитациялық шаралардан өтуі мен өз денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кеңестер берілді. Өзекті сұрақтарға жауап алынды.
Оn-line түрде ұйымдастырылған кездесу, жүріп-тұруы шектеулі адамдарға ыңғайлы әрі тиімді коммуникация түрі екені де атап өтілді.
Ұйымдастырушысы:
«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» ҚБ-гі
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы«Инва-кеңес» - жобасы аясында.
Байланыс телефоны: 8 (71-32) 7764-25, 8-701-56-59-59-0 (вацап желісі)
Сайт: aktobe-live.kz
@aktobe_saiasat
Фотода: "Тақырыптық кездесу" скипері дәрігер, PhD докторы, Назарбаев Университетінің School of Medicine - Медицина мектебінің инструкторы Е. Ө. Рахманов