Бүгін біздің орталықта "Сәлеметсіз бе! Амансыздар ма? Здравствуйте! Добри день! 좋은 날!, (Чуун наль), Яхшы көн!" деген түрлі тілдегі амандасулар естілді, әр түрлі тілде әндер шырқалды!
Өйткені, 5-қыркүйек "Қазақстан халықтарының тілдері күні"! Осы мерекеге орай, қоғам мүшелері мен Ақтөбе облысының "Қоғамдық келісім" (Достық үйі) мекемесінен Украин орталығының жексенбілік мектебінің ұстазы Нетичайло Татьяна Владимировна және Ақтөбе облысының кәрістері асссоциациясының көркемдік жетекшісі Ажғалиева Галина Леонидовна басқарған "Чинь-Сон" халықтық ән-би ансамблі ұжымымен Тақырыптық кездесу өтті. Сонымен қатар 13-қыркүйек "Отбасы күнін" де атап өттік!
Кездесу барысында "Стимул плюс" жастар қанатының жетекшісі Нетуллина Ақтоты қазақ тілі туралы баяндама оқыды, ал кездесу қонақтары Нетичайло Татьяна Владимировна және Ақтөбе Ажғалиева Галина Леонидовна өз ұлттық орталықтарының жұмысы туралы баяндады.
"Чинь-Сон" халықтық ән-би ансамблінің сүйкімді әншілері кәріс халқының "Ариран" тарихи ұлттық әнін орындады.
Жиналған көрермендер Қазақстандағы барлық ұлттардың тілі мәні мен өзара құрмет туралы пікір алмасты.
Тақырыптық кездесулер мақсатты түрде ай сайын ұйымдастырылып тұрады.
Кездесу Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы «Инва-кеңес» - жобасы аясында санитарлық нормаларды (арақашықтықты сақтау, маска кию, антисептикалық санитайзер қолдану тәрізді барлық сақтық шараларды қолдану тәртібімен өткізілді.