Грин ленд демалыс базасында 50 мүгедек автомобилистердің және олардың жеке көмекшілерінің қатысуымен «Мүгедектігі бар азаматтар және құқық» атаулы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
«Мүгедектігі бар азаматтар және құқық» семинар-тренингі қазіргі таңдағы шектеуліктерге сәйкес, іс-шара, ашық кеңістікте, таза ауа аясында, санитарлы-техникалық қауіпсіздіктің барлық сақтану шараларын қолданылуымен өтті.
Мақсаты: Мүгедек азаматтардың ортақ мәселелерін талқылау, оған қоғам назарын аудару және мүгедектердің құқықтары бойынша сауаттылығын көтеру.
Мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен қызығушылықтарын қорғаудың қоғамдық бірлестіктердің міндеті -мақсаты топтың мүшелерін өз құқықтары мен қызығушылықтарын қажетті деңгейде көрсете білуге үйрету. Командада жұмыс жасауға үйрену, конфликтылы ситуацияларды шешуде, түрлі өмірлік жағдайларды қиын мәселелерді шеше білу, қоғамға енудің, бейімделудің, әлеуметтенудің түрліше жаңа формаларын енгізу маңызды. Мақсатты топты мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсаруда заңнамадағы актілердің өзгерістері туралы уақтылы қажетті ақпаратпен құлақтандыру қажет.
«Мүгедектігі бар азаматтар және құқық» семинарында біз мүгедектердің автокөлік қолдану құқығы, мәдени демалысқа және өзге де қызметтерге құқықтары туралы талқыланды.
Ұйымдастырушысы: Ақтөбе облысының ішкі саясат Басқармасының әлеуметтік тапсырысының шеңберінде «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы" қоғамдық бірлестігі - мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ақпараттық-кеңестік қызметтерді көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Инва-кеңес» - жобасын жүзеге асыру аясында мүгедек ересектер мен мүгедек-балаларға арналған дамыту, оңалту және интеграцияландыру әлеуметтік бағдарламаларына қосымша ретінде ұйымдастырылатын әлеуметтік-маңызды іс-шара ұйымдастыру жоспарланған болатын.