«Туған жерім — нұрлы елім»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізіліп жатқан «Туған жерім — нұрлы елім» атаулы акцияның аясында Ақтөбе облысының аудандары Күндері біздің «Орталық» мүшелері үшін де саялы күндер болды.
Байғанин және Шалқар аудандарының мәдени Күндері Ақтөбе қаласының төрінде тойланып жатқанда мүмкіндігі шектеулі жандар да мерекеден тыс қалмады.
16-шілде күні, Маресьев көшесі 4 «З» мекен-жайындағы ғимаратта, «Бар мейіріміміз балаларға» деген тақырыпта Байғанин ауданының музыкалық мектебінің халық-инструменталды оркестрының өнерпаздары «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің арнайы әлеуметтік қызмет алушы мүгедек-балаларына арналған шапағатқа толы концерттік бағдарламаны ұсынды. Сонымен қатар, балаларға арналған Емдеу дене-шынықтыру кабинетіне арналған құны 100 мың теңгені құрайтын құрылғыны сыйға тарту етті. Мерекелік кеш соңында қатысушыларға арналған тәтті тағамдармен көмкерілген дастархан жайылды.
Аталмыш акцияның әдемі көрінісі тамыз айының 27-сі күні Шалқар ауданының Күндерімен жалғасын тапты. Бұл жолы Бөкенбай батыр көшесі 133-1 тұрғын үйінде тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ән-шашумен қоса, шалқарлық ет тағамдары концертке келген тұрғындарға таратылды. Ал біздің «Орталыққа» плазмалық теледидар сыйға тарту етілді.
Мүгедек жандардың мәселелерін шешуде ауылдық жерлердің әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижелі болуы үшін, «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен ұзақ жылдардан бері аудан орталығының басшылықтары әрдайым серіктестік тұрғыда, түсіністікпен елге қызмет етуде.
«Ел іші – алтын бесік» деген еліміз аман болсын! Туған жеріміз – нұрлы жер болсын!
Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан
азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің
Әлеуметтік қы